logo

ORBIT EXPRESS буқазаны

ORBIT EXPRESS буқазаныORBIT EXPRESS буқазаныORBIT EXPRESS буқазаны

ORBIT EXPRESS буқазаны

Қолда болуы
6
Бағасы:

200 410 ₸

Пункты выдачи:
г. Алматы, ул. Амангельды, 70А (2 подъезд)

Онда тамақ пісіруге аз уақыт кетеді, тағам дәмді, алуан түрлі және пайдалы болады.

Газ, электр, шыны керамика және индукциялық қайнату панельдерінде қолдануға болады.

Техникалық сипаттамалары:

  • номиналды көлемі 6 литр;
  • максималды жүктеме 4 литр;
  • литраж межелігі;
  • түбі термоаккумуляциялық;
  • диаметрі 22 см;
  • патенттелген бір қолмен ашу және жабу жүйесі;
  • қысым реттегіші;
  • Болат хром-никель 18/10;
  • құрылғының қауіпсіздігін арттыру үшін қауіпсіздік саңылауының болуы;
  • қақпаққа 3 жылдық кепілдік бар;
  • пайдалану ережелерін сақтаған жағдайда тығыздағыш сақинаның кепілдік мерзімі 1 жыл.

Швейцариялық ORBIT LONG life компаниясының буқазанының артықшылықтары:

  • ең жоғары сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес жасалған;
  • тамақ дайындау уақытын 70%-ға дейін үнемдейді;
  • электр қуатын 60 %-ға дейін үнемдейді;
  • жылдам пісіру барлық микроэлементтерді, дәрумендерді, түстерді қорғайды;
  • өнімдерді ОРБИТ ЭКСПРЕСС буқазанында жібіту олардың ерекше дәмін, хош иісін, дәрумендер мен минералдарды сақтайды;
  • максималды қысым кезінде де пайдалану қауіпсіздігі;
  • порция мөлшеріне байланысты қысымды реттеу мүмкіндігі;
  • заманауи эргономикалық дизайн.

Жиынтықтау:

  • ORBIT EXPRESS буқазаны;
  • қолдану жөніндегі нұсқаулық;
  • фирмалық қаптама.

Қайнататын жерлерге жарамды:

  • Газ
  • Индукциялық
  • Шыны керамикалық
  • Электр

Артикулы: T-060
Тауар түрі: ыдыс-аяқ
Кепілдік: 3 жыл

Қосымша ақпарат

  • Диаметрі, см: 22
  • Қысым индикаторы: бар
  • Материалы: болат хром-никель 18/10
  • Көлемі: 4 л.

Виктория Карасёва

Есімде, анамның буқазаны болған... Анам оны қолданғанды өте жақсы көретін. отбасын құрған кезде міндетті түрде буқазан алуым керектігін түсіндім. Орбит Лонг Лайф фирмасының буқазанын таңдадым. Бұл ақылға салынған шешім болды, өйткені анамның арқасында мен қандай буқазанын қалайтынымды білдім. Жасаған таңдауыма өкінбеймін.
Көптеген тағамды пісіру әлдеқайда жылдам болды. Мен үнемдеген уақытты отбасыммен өткізе аламын. Сонымен қатар, бұл ыдыс электр қуатын үнемдеуге көмектеседі (буқазанын сатып алғаннан кейінгі бірінші айда электр қуаты айтарлықтай аз болды).

Оксана Рензина

Мен тамақ пісіргенді өте жақсы көремін! Маған әсіресе әртүрлі жаңа рецепттерді пісіріп көру, тәжірибе жасау ұнайды. Бірақ ас үйдегі уақытымның көп бөлігі күйбең тірлікке кететін.... Бірақ содан кейін мен буқазан сатып алдым. Жай ғана буқазан емес, Orbit Экспресс буқазанын. Онда осындай ас үй ғажайып агрегатының барлық артықшылықтарын үйлестірілген. Буқазан менің уақытымды үнемдейді, бұрын мен уақытымды үнемі араластыруға, айналдыруға, күтуге және т.б. кетіретінмін. Енді оның орнына мен аспаздық қиялымды жүзеге асырумен айналыса аламын.

Дарья Чернышева

Күйеуім маған 8 наурызда Орбиттің буқазанын сыйлады. Басында мен аздап ренжідім, өйткені ыдыс-аяқты керемет романтикалық сыйлық деп атай алмайсың, бірақ содан кейін осы бір әрекетінен маған деген қамқорлығын сездім. Мәселе мынада, қазір мен тамақ пісіруге аз уақыт жұмсаймын, сондықтан ас үйде аз шаршаймын. Көптеген тағамды ойнап жүріп жасаймын, соған қарамастан дәмі тіл үйіреді. Жұмыстан шаршап келсем де, тамақ пісіруге ерекше құлшыныспен кірісетінімді байқады. Жалпы, мен қазір осындай буқазаным болғанына қатты қуанып жүрмін!

Елена Шулико

Мен баламды жалғыз тәрбиелеп жүрмін және жұмыс істеймін, сондықтан әрдайым уақыт жетіспейді. Сондықтан ата-анам маған осы буқазанды сыйға бергенде, бақыттан басым айналды десем болады! Біріншіден, қазір ас үйде пештің жанында аз уақыт өткізем. Менің жағдайда бұл өте маңызды, өйткені, балама сабақ оқуға көмектесуім керек, үйді тазалап, өзіме аз да болса уақыт бөлуім керек. Екіншіден, қазір біздің рационымыз едәуір дұрысталып қалды. Әрине, баланы барлық зиянды "дәмді тағамдардан" толығымен алыстату қиын, бірақ буқазан күнделікті тағамдардың құрамындағы максималды артықшылықтарды сақтауға көмектеседі. Үшіншіден, мен буқазанға арналған көптеген әр түрлі рецепттерді тауып алдым, сондықтан біз қазір жаңа және дәмді нәрселердің дәмін татып көріп жүрміз!

Надежда

Сондай ыңғайлы буқазан! Дірілдек қайнаттым – өте нәзік боп шықты, тіпті сүйектері де жұмсақ! Ең бастысы – пісіргеннен кейін кастрюөлді салқындатудың қажеті жоқ - 30 секунд ішінде буды клапан арқылы шығарып тастап, қақпақты бірден аша аласыз. Құрылымы өте жақсы!

Елена Кухарская

Long Life Орбит компаниясының барлық өнімдерінің сапасы жоғары. Мен көптен бері осы компанияның әртүрлі жаңа заттарын сатып алып жүрмін, маған бәрі ұнайды. Сонымен, бұл буқазан да сол коллекцияның тағы бір элементі болды деп айтсам болады. Енді біз бүкіл отбасымызбен дұрыс тамақтану ережелерін ұстануға тырысамыз және мұның бәріне менің Орбит Лонг Лайфтан алған буқазаным түрткі болды.