logo

ORBIT OST матрасымен түнгі құрысулардың алдын алу

Қазіргі таңда көптеген адамдардың ұйқыға қатысты проблемалары бар. Мұның себептері әр түрлі болуы мүмкін: ұйқысыздықтан бастап, түнгі демалуға жеткілікті уақыт таба алмауға дейін. Бүкіл әлем халқының шамамен 80%- ы белгілі бір дәрежеде түнгі құрысулар сияқты жағымсыз проблемаға тап болады.

Сіз осы 80%-ға жатасыз ба, жатпайсыз ба, соны түсіну үшін сіздің әйтеуір бір кезде кенеттен бұлшықетіңіз ауырғаннан оянған кезіңіз болды ма соны еске түсірсеңіз жеткілікті. Бұл аяқтың, қолдың, іштің және т.б. ауыруы болуы мүмкін. Мұндай сәтте бұлшықет тас сияқты боп болады. Бұл ешқашан аяқталмайтын сияқты көріне бастайды, өйткені уқалау бірден жағымсыз сезімнен арылуға көмектеспейді. Егер сізге осындай белгілер таныс болса, онда сізде түнгі құрысу болды деп есептеуіңізге болады.

Бұл құбылысты жақсы түсіну үшін оның табиғаты мен себептерін түсіну керек. Жалпы алғанда, құрысу бұл - бұлшықет тінінің еріксіз жиырылуы немесе шамадан тыс тырысуы деп айтуға болады. Құрысудың себептері әртүрлі болуы мүмкін:

  • бұлшықеттердің қатты шаршауының салдарынан,
  • жүйкеге салмақ түскендіктен,
  • тұрақты отырықшы жұмыстың салдарынан,
  • ұзақ серуендеуден немесе жүзуден кейін,
  • организмнің сусыздануына байланысты,
  • қандай да бір аурудың салдарынан (инфекциялардан бастап бас сүйек-ми зақымына дейін).

Қажетті зерттеулерді жүргізе отырып, дәрігер ғана себептерін нақтырақ анықтай алады және диагноз қоя алады. Егер үнемі денеңіз құрысып қалатын болса, онда маманға баруды кейінге қалдырудың қажеті жоқ. Егер бұл ақау сізді жиі мазаламаса, сіз түнгі "сұмдықтардың" қайталануына жол бермейтін алдын-алу құралдарын қолдана аласыз.

Халық медицинасы және парасаттылық күні бойы жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішуді ұсынады. Бұл әсіресе жаздың ыстық айларына, сондай-ақ физикалық белсенділікті арттыратын және қатты күйзеліске ұшырайтын күндерге қатысты. Осылайша сіз сусыздану салдарынан пайда болатын құрысуларға жол бермейсіз.

Дәрумендер мен микроэлементтерді қабылдау кейбіреулерге бұлшықеттердің еріксіз жиырылу мәселелерін шешуге көмектеседі. Бірақ құрысулармен күресудің ең тиімді құралдарының бірі - осы бұлшықеттерді жаттықтыру және ынталандыру. Мұны әртүрлі тәсілдермен жасауға болады. Ең бірінші ойға келетіні - жаяу жүру. Екінші әдіс - жағымдырақ және аз қалжыратады, ол - массаж. Сонымен қатар, массаж құрысу кезінде де, алдын-алу шаралары ретінде де көмектесе алады. Түнде жүгірмеу үшін және сіздің тартылып қалған аяқ-қолыңызды уқалап беретін адам іздемес үшін, массаж функциясы бар матрасты таңдаған жөн. Мысал: ORBIT OST матрасы. Әркім өзі үшін ең тиімді терапевтік бағдарламаны таңдай алады, бұл сіздің проблемаңыздың тамаша шешімі болады. Мысалы, МР-5 профилактикалық бағдарламасы.

Бағдарлама сіздің қалауыңыз бойынша 15 немесе 30 минутқа созылуы мүмкін және мыналарды қамтиды:

15 минуттық массаж:

  • Витализация бағдарламасы (W5 толқындық массажы) - 3 мин.,
  • Құрысулармен күресу бағдарламасы (P5 лүпілді массаж) - 2 мин.,
  • Витализация бағдарламасы (W5 толқындық массажы) - 5 мин.,
  • Лимфа жүйесін белсендіру (W2 толқындық массажы) - 5 мин.

30 минуттық массаж:

  • Витализация бағдарламасы (W5 толқындық массажы) - 6 мин.,
  • Құрысулармен күресу бағдарламасы (P5 лүпілді массажы) - 4 мин.,
  • Витализация бағдарламасы (W5 толқындық массажы) - 10 мин.,
  • Лимфа жүйесін белсендіру (W2 толқындық массажы) - 10 мин.