logo

Сатып алушылардың пікірлері

Сая, 37 жаста

ОРБИТ компаниясының клиенті бола отырып, оның керемет және пайдалы өнімдері туралы айтпағаным жарамас! Менің атым Сая және мен 37 жастамын.., әрине, мен өзімді жас, жігерлі және әдемі деп санаймын, бірақ, өкінішке орай, осы жасымда менде омыртқадағы, тамырлардағы және сүйектердегі өзгерістерге байланысты туындаған бірқатар ауру бар, бұл өз кезегінде күнделікті өмірде қолайсыздықтар тудыратын белгілі бір ауырсынумен бірге жүреді. Мен үш баланың анасымын және, әрине, ең алдымен, мен балаларым үшін сау болуым керек, тек дені сау ана ғана балаларына бақытты өмір сыйлай алады. Өз кезегінде, Құдай бізге сыйға тартқан менің екі баға жетпес байлығым - менің қыздарым да омыртқа ауруынан зардап шегеді...Мұның бәрі осы компанияның өнімдерін сатып алуға итермеледі және мен бұған өкінбеймін, керісінше, өөөте ризамын!.. Өз отбасымның атынан біз жай ғана «рақаттанып жүрміз» деп айтқым келеді... ШАҢСОРҒЫШ, БЛЕНДЕР, АУА ТАЗАРТҚЫШ ЖӘНЕ ЖЫЛДАМ ҚАЙНАТҚЫШ...сөз жоқ, үйге арналған керемет заттар... бұл біздің жалпы өмірімізді жақсартатын және барлық жағынан жайлы жағдай жасайтын жоғары технологиялар: біріншіден, үйдегі тазалық, бұл өз кезегінде Сіздің ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗ, екіншіден, АҚШАҢЫЗДЫ үнемдей отырып, УАҚЫТТЫ үнемдеу. Әрине, ОРБИТ компаниясының өнімдерінің баға саясаты орташадан жоғары, бірақ мен өнімдердің бағасы осыған сай деп сенімді түрде айта аламын – сіздің шығындарыңыз міндетті түрде өтеледі және сіздің жаныңызды жадыратып, кәдегіңізге жарайтын керемет тауарларды тұтынатын бақытты күндердің де ауылы алыс емес!

Максим, Оксана

«Орбит Аэро» біздің пәтерде дәл уақытында пайда болды. Отбасымызда үшінші бала дүниеге келді, мен баламыздың «үйдегі ауа-райы» жақсы болғанын қаладым.
Ауа тазартқышты алдымен комодқа қойылды, ал біраз уақыттан кейін қабырғаға ілдік, бұған 5-10 минут кетті.
Қажеттілігіне қарай, біз оны әртүрлі бөлмелерде қолданамыз, өйткені оның салмағы мен ықшамдылығы бұған мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Орбит Аэро»  балалар бөлмесінде «шырағданның» функцияларын орындайды.
Біздің аппаратымыз үзіліссіз жұмыс істейді, тек ұйықтар алдында біз түнгі, үнсіз шусыз режимге ауыстырамыз.
Үлкен балаларымызға анда-санда тиетін суық пен вирустар олардың інісіне еш әсер етпейді. Ал «Орбит Аэроны» балалар ауырып қалған кезде балалар бөлмесінде қолдану вирустың ауру баладан сау балаға жұғуына жол бермейді.
Кәдімгі желдетумен қатар, ауа тазартқыш бөлмеде жайлы, сау, бөтен иіссіз атмосфераны қамтамасыз етеді.
Жақында біз 2 балалар бөлмесі бар жаңа пәтерге көшеміз. Сондықтан біз екінші «Орбит Аэроны» алуды жоспарлап отырмыз.
Қысқаша айтқанда, алуға кеңес береміз!

Мадина

Соңғы 40 жыл бойы Санкт-Петербургте тұрып жатқан әпкем Тамара, Орбитаның OST матрасындағы отыз минуттық массаждан кейін, соңғы 5 жыл бойы құтыла алмай жүрген аяқтарындағы ісіктерден «құтылды».
Біздің «Тыныш ұйқы» атты соңғы презентациямызда ол: ОРБИТ ЛОНГ ЛАЙФ ӨНІМДЕРІ ӘР ҮЙДЕ БОЛУ КЕРЕК деген ұсыныс айтты!

Гвоздева Аделанда

Сіздердің компанияңыздан ортопедиялық жастық сатып алдым. Жастықтың әсері таң қалдырды. Түнде мені желкем (жота) мазалайтын, түнде ауырғаннан 3-4 рет оянатынмын, жастықты әрі-бері ауыстырып, сүлгіні ширатып желкеме қойып қоятынмын, бірақ бұл аса көмектеспейтін. Таңертең түнімен ұйықтамағандай болып, шаршап тұратынмын, күні бойы енжар болып, үнемі ұйықтағым келіп жүретінмін. Дәрігердің кеңесі бойынша мен 8 массаж сеансын қабылдадым, жеңілдеп қалдым, бірақ ол ұзаққа созылмады. Сосын дәрігер маған арнайы жастықта ұйықтауға кеңес берді. Мен оны Orbit Long Life-тен сатып алдым. Желкемнің ауырғаны қойды, түнде оянбаймын, құлағымдағы шуыл мен бас ауруынан құтылдым, бойымда сергектік пайда болып, өмір сүру қызықтырақ бола бастады.

Лысикова Светлана

Мен ORBIT RAYFORCE-тің ауырсынуға қарсы бірегей аспабын 3 рет  иық буыны аймағына қолдандым. Қозғалған кезде  буыным ауыратын еді, содан құтылдым, қолым ұйып қала беретін, ол да азайды. Керемет аспаптың жұмысына өте ризамын. Барлық науқастарға кеңес беремін! Денсаулығыңыз өз қолыңызда!

Гвоздева Аделанда

Сіздердің компанияңыздан ортопедиялық жастық сатып алдым. Жастықтың әсері таң қалдырды. Түнде мені желкем (жота) мазалайтын, түнде ауырғаннан 3-4 рет оянатынмын, жастықты әрі-бері ауыстырып, сүлгіні ширатып желкеме қойып  қоятынмын, бірақ бұл аса көмектеспейтін. Таңертең түнімен ұйықтамағандай болып, шаршап тұратынмын, күні бойы енжар болып, үнемі ұйықтағым келіп жүретінмін. Дәрігердің кеңесі бойынша мен 8 массаж сеансын қабылдадым, жеңілдеп қалдым, бірақ ол ұзаққа созылмады. Сосын дәрігер маған арнайы жастықта ұйықтауға кеңес берді. Мен оны Orbit Long Life-тен сатып алдым. Желкемнің ауырғаны қойды, түнде оянбаймын, құлағымдағы шуыл мен бас ауруынан құтылдым, бойымда сергектік пайда болып, өмір сүру қызықтырақ  бола бастады.

Кушель Виталий

Мен ауырсынуды басатын құралмен 4 сессиядан өттім. Осы күндері тіземнің ауырғаны қойып,  ұзақ қашықтықта тоқтаусыз жүре бастадым. Бұрын мен бұлай ұзақ жүре алмайтынмын. Мен бұл компанияға ауырсынуды басып, емдік әсерімен сауықтыратын RAYFORCE үшін ризамын. Сондай-ақ, барлық келушілерге ілтипат көрсеткендеріңіз үшін рақмет. Барлықтарыңызға рақмет, зор денсаулық пен көктемдей құлпырған көңіл-күй тілеймін.

Любовь Семеновна

Мен ORBIT RAYFORCE аспабын нарықта пайда болғаннан бері қолданамын. Күйеуіме қолданып көрген кезде қатты таң қалдым. Ол қазан айында инсульт алғалы бері аяғының башпайлары ұйып қалатын. Аппаратты 2 күн қолданғаннан кейін саусақтардың сезімталдығы қалпына келді. Бұл керемет нәтиже болды!

Людмила Николаева

Құрбым  жіліншігім ауырады  деп шағымданатын, мен оған ауырсыну сезімін басып қана қоймый, сауығып кетуге ықпал ететін ORBIT RAYFORCE магниттік терапия аппаратын ұсындым. Бір-екі күннен кейін ауырсыну сезімі басылды, бақытты әрі дені сау құрбымның қуанышында шек болмады! Менің де оқиғам осыған ұқсас, бірақ иық буынының ауырсынуымен байланысты, қолым бірнеше күн бойы көтертпей жүрді, бірақ 2-3 күннен кейін бәрі өтті. Сондай-ақ, құрбым екеуміз RAYFORCE диагностикасын өткіздік және арқамыздың аздап дызылап тұрғанын сездік, бұл проблемалық аймақтың табылғанын көрсетеді! Құрбымның аллергиясы бар екенін таптық. Әрине, аппараттың көмегімен белсенді түрде емдей бастадық.

Праведникова Елена

2 күн бойы арқам қатты ауырды, әзер жүрдім, жұмыста әрең отырдым, аспапты қоя қойып ем, ауырғаны басылды. Көптеген адамдар жақсы әсерін бірнеше күннен кейін сезіндік деп жазады, ал мен бес минуттан кейін сездім. Сосын ауырғанымды ұмытып, ауыр қорапты көтердім, сол кезде әріптестерімнің көздері шарасынан шығып кете жаздады. Бұл шынымен де керемет!